Мұғалжар аудандық мәслихаты хатшысының 2016 жылғы 05 ақпандағы №4 өкімімен бекітілген, Мұғалжар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы, Мұғалжар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Атауы: Мұғалжар ауданының Қоғамдық кеңесі;
Пошталық мекен-жайы: 030701, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Интернациональная көшесі 16, 213 бөлме,
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Анықтамалар үшін телефондар: 3-04-16 және 3-24-61.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2016 жылғы «05» - «10» ақпан аралығында.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Мұғалжар ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қандыағаш қаласы, Интернациональная көшесі 16, 213 бөлме, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.00 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде.
Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.

***Сауалнаманың үлгісі***
 
 
Суретке арналған
орын
САУАЛНАМА
 
1. Тегі ____________________________________________________
Аты _________________________________________________
Әкесінің аты_______________________________________________
__________________________________________________
2. Күні, айы, туған жылы ________________________________________
3. Туған жері __________________________________________________
4. Азаматтығы __________________________________________________
5. Білімі __________________________________________________
6. Мекен-жайы  ________________________________________________
7. Жұмыс орны, қызметі __________________________________________
8. Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін ____________________________
9. Сотпен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылдыңыз ба?_________
10. Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрасыз ба?____________
11. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі болып танылдыңыз ба? _____________
12.  Байланыс телефондары: _______________________________________
___________________________________________________
                                         (қызметтік,  үй, ұялы)
2016 жылғы «__»_________          _________________                ________________
                                                                            (қолы)                            (Т.А.Ә.)

Мәслихат хатшысы

musenovaМусенова Роза Наурызбайқызы
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы