«Мұғалжар аудандық мәслихат аппараты» ММ бөлім басшысы, санаты E-3

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 78 798 теңгеден 106  345 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге басшылық жасайды,жоғары органдардың, аудандық мәслихаттың өз сұрақтары бойынша қабылданған актілерінің орындалуына қадағалау жасайды.Хаттама бөлімін және кадрлік қызмет мәселелерін жүргізу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім – жоғары гуманитарлық, заңгерлік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3)  жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде а немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4)  ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  Агенттігі Төрағасының  2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен    бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда №8380 болып тіркелген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Мұғалжар аудандық мәслихат аппараты» ММ мынадай құжаттарын тапсырады:

1)   нысан бойынша өтініш;

2)   3х4 үлгідегі суретпен нысан бойынша толтырылған сауалнама;

3)   бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)   еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)   Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7)   құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлер тестілеуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Е-3 санатына екінші бағдарлама бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеуге мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Конкурстық комиссия қарауына құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы қабылдау мерзiмiнде берілген құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткiзу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсыру қажет: 030701, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Интернациональная көшесі, 16, «Мұғалжар аудандық мәслихат аппараты» ММ, 204 кабинет немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық почтасына. Анықтама үшін телефон: 8 (71333) 3-24-61, 7-92-57.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Мұғалжар аудандық мәслихат аппараты» ММ өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 «Мұғалжар аудандық мәслихат аппараты» ММ

Мәслихат хатшысы

musenovaМусенова Роза Наурызбайқызы
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы